04.10.2023, 06:24
Жаңалықтар
Жетісу облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерген екі полицей жауапқа тартылды
Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының аумағында орналасқан 7 дәріханаға тексеріс жүргізген
Фото ашық дереккөзден
Жетісу облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерген екі полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының аумағында орналасқан 7 дәріханаға тексеріс жүргізіп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.
«Жетісу облыстық прокуратурасы бұл әрекеттің заңсыз екенін анықтап, тексеру іс-шараларының нәтижесін жарамсыз деп тапты. Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады қадағалау органынан.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды