Бас прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Бас прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

Ғабит Садырбеков ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген жарлықта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған.

Білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2017 жылдары прокуратура органдарында, 2017-2020 жылдары банк саласындағы қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы болды.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.