$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 01:38
Жаңалықтар

Қазақстанда ломбардтар мен онлайн кредиторлардың жұмысы тексеріледі

Тексеру наурыз – маусым аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтеді

Қазақстанда ломбардтар мен онлайн кредиторлардың жұмысы тексеріледі
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды және онлайн кредиторларды тексеруді бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тексеру наурыз–маусым аралығында микроқаржы ұйымдары көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтеді. Наурыз айында ұйымдастыру мәселелері шешіліп, агенттіктің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен 39 тексеруші топ қалыптастырылды. 

«1 100 ломбард тексерілуі тиіс (бұл республика бойынша жалпы санынан 50%-дан асады), оның ішінде сәуірде – 424, мамырда – 323, маусымда – 353 ұйым тексеріледі. Сонымен қатар шамамен 50 онлайн кредиттеу субъектісі және 200-ге жуық микроқаржы ұйымы тексеріледі. Бірінші кезекте тексеруші топтар Президенттің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы тапсырмасын орындау тұрғысынан тексеру жүргізеді», - деп жазылған хабарламада

Заңнама талаптарының сақталмауы, қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілері анықталған жағдайда ұйымдарға қызметін тоқтатуды қоса алғанда, заңсыз қызметі үшін жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.

Серіктес жаңалықтары