Алматыда спортзалды жалға алу құнын негізсіз көтергендер анықталды

Жалға беруші балаларды спорт залына жібермейтінін хабарлаған

Алматыда спортзалды жалға алу құнын негізсіз көтергендер анықталды
Фото: gov.kz

Алматы қаласының спорт мектебі залды жалға алу құнын негізсіз көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, шағым айтып келген кәсіпкер қосымша келісім жасасу арқылы әкімдіктің ведомстволық бағынысты компаниясының спорт залын жалға алу құны негізсіз арттырылғанын айтты.  

«Жалға беруші кәсіпкер бас тартқан жағдайда жаттығу жасайтын балаларды спорт залына жібермейтінін хабарлаған», - делінген ведомство хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Алматы қаласының спорт басқармасымен және жалға берушімен бірлесіп кеңес өткізді. Соның барысында жалдау құнын асыра бағалаудың себептері анықталмады.

Осыған байланысты шартты жыл соңына дейін бұрынғы құны бойынша ұзарту туралы шешім қабылданды.

Кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.