01.10.2023, 15:49
Жаңалықтар
Риддерде полицейді ұрған ер адам 2 жылға сотталды
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Риддер қалалық сотына сілтеме жасап.
Оқиға осы жылдың қыркүйек айында Риддер қаласында болған. Ер адам қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерін өз үйінің ауласында бетінен жұдырықпен ұрып жіберген. Осыған байланысты сот ісі қалалық сотта қаралды.
«Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 3-бөлігімен (Билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Енді ер адамға осы уақыт аралығында пробациялық бақылау орнатылады», - делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады