Журналистер арасында шағын футболдан Majilis cup – 2023 турнирі басталды

Azattyq Rýhy

Бұл турнир былтыр алғаш рет ұйымдастырылған болатын

Журналистер арасында шағын футболдан Majilis cup – 2023 турнирі басталды
Фото: Ж.Жұмабеков

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Астана арена» стадионында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда Парламент Мәжілісі Президенттің бастамаларына қолдау көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу үшін жаңа дәстүр қалыптастыруда.

Дүбірлі доданы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мен бүгінгі жарысты достық, жолдастық кездесу дер едім. Өйткені, депутаттар мен журналистер тілектес, рухтас адамдар. Біздің тілегіміз де, ниетіміз де бір. Ол – халқымыздың игілігі, еліміздің болашағы. Осы жолда бірге жұмыла жұмыс істеп келеміз. Ал бүгінгі жарыс бізді біріктіреді, қанаттандырады», – деді  А.Аймағамбетов.

Айта кету керек, бұл турнир былтыр алғаш рет ұйымдастырылған болатын.     

Республикалық турнирге Атырау, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда мен Жетісу облыстарынан және  Алматы, Шымкент, Астана қалаларынан барлығы 24 команда қатысуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.