$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Венада Қазақстан атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдалануы талқыланады

МАГАТЭ-мен ынтымақтастық та қаралмақ

Венада Қазақстан атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдалануы талқыланады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Венадағы конференция жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

"25-29 қыркүйекте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Венада өтіп жатқан бас конференциясының 67-сессиясына қатысады. Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әлеуетін көрсету маұсатында “Қазатомпром” АҚ, Ұлттық ядролық институты мен Ядролық-физикалық институты ақпараттық стенд-павильон ұйымдастырды",- деді Смадияров.

Ол атағандай, конференция аясында МАГАТЭ-мен ынтымақтастық даму бойынша іс-шаралар қарастырылған.

"Алмасадам Сәтқалиев басқа ұлттық компаниялар мен МАГАТЭ-нің басшысымен екіжақты кездесулер өткізеді", - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары