$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Стати ісі: Қазақстан тарапы Нидерланды сотында түпкілікті жеңіске жетті

Сот KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады

Стати ісі: Қазақстан тарапы Нидерланды сотында түпкілікті жеңіске жетті
Фото unikassa.ru

ҚР Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Нидерланды Жоғарғы сотында жалпы сомасы 4 млрд АҚШ долларына тең KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына байланысты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Trading Ltd (Стати) қарсы іс жүргізуде түпкілікті жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Гаага апелляциялық соты Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алған төрелік шешімді орындау мақсатында қойған Самұрық-Қазынаға тиесілі KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына салынған тыйымның күшін жойған болатын.  

«Әділет министрлігі Самұрық-Қазынамен бірлесіп, қордың мүлкін өндіріп алудан иммунитетке ие екендігін дәлелдейтін маңызды дәлелдер ұсыну бойынша кешенді жұмыс атқарылды. Жоғарғы сот Статидің бұл шешімге шағымын қабылдамады, бұл акциялар әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес орындалудан иммунитетке ие болғанын растады», - делінген сот хабарламасында.

Әділет министрлігі шетелдік юрисдикцияларда мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары