ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Ақын Аманхан Әлім өмірден өтті

Ол өмірінің соңғы жылдары «Ақиқат» журналының бас редакторы болып қызмет атқарды

Ақын, «Құрмет» орданының иегері Аманхан Әлімұлы қайтыс болды. Бұл туралы «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітірген соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқыды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ газеттері бірлестігіне қарасты «Ақиқат» журналының бас редакторы болып қазмет атқарды.

«Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. «Өткірдің жүзі», «Бес қоңырау» публицистикалық және өлеңдер жинағын шығарған. Кейін «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

Аманхан Әлімұлы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың былтыр 29 қарашадағы жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.