ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 283 адамға жетті

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 23:30 жағдай

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 6 адам, Алматы облысында - 2 адам анықталды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 283 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.