$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын – Президент

Мемлекет басшысы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің мінсіз жүйесін құру қажет екеніне тоқталды

Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын – Президент
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің мінсіз жүйесін құру қажет екеніне тоқталды.

«Бізге даму құқығын қамтамасыз ете отырып, жаһандағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін жаңа бағамдар керек. Ол үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, анық әрі инклюзивті көпжақты сауда жүйесі қажет. Сонымен қатар бізге жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің анағұрлым мінсіз жүйесін құруды ойластырған жөн. Былтыр дүниежүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келді. Өндіріс көлемін және азық-түлік тауарларының экспорты мен импортын қоса алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратпен еркін алмасу ісін жандандыру қажет. Біз халықаралық қауымдастықтың азық-түлік дағдарыстарына төтеп беру шараларын қаржыландыруына ашық мониторинг жүргізуді бірлесіп қамтамасыз етуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтқанындай, Қазақстанның азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуына барлық қажетті ресурс бар.

«Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Ол үшін бізде барлық қажетті ресурс, инфрақұрылым және логистика бар. Еліміз қазірдің өзінде Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызға жуығы өтетін сенімді бағыт саналады. «Орта дәліз» аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағдары Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қатынастарды едәуір нығайта алады. Бұл көлік бағдары маңызды нарықтар арасындағы сауда қарқынын ұлғайтып, теңіз жолымен жүк тасымалдауға кететін уақытты екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Президент.

Серіктес жаңалықтары