$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2020, 16:36
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

Банктер 30 наурыздан 5 сәуірге дейін жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады
Фото: ашық дереккөзден

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық банкке қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары