Әзірбайжан Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция жүргізуде

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ресейдің бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы және бірлескен түрік-ресей мониторинг орталығының басшылығы хабардар етілді

Әзірбайжан Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция жүргізуде

Сейсенбіде Әзірбайжан Таулы Қарабақта «жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралардың» басталғанын жариялады. Елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, олардың мақсаты - Әзірбайжан әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтағы Әзірбайжан Республикасының конституциялық құрылысын қалпына келтіру, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарабақ экономикалық ауданында кең ауқымды арандатушылықтың жолын кесу, Армения Қарулы Күштерінің құрамаларын біздің аумақтарымыздан қарусыздандыру және шығару, олардың әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру, оккупациядан босатылған аумақтарға оралған бейбіт тұрғындардың, құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарына тартылған азаматтық қызметшілердің және біздің әскери қызметшілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Әзірбайжанның Конституциялық құрылымын қайта қалпына келтіру мақсатында  жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралар басталды», - делінген Әзірбайжаның Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомсвтоның мәліметінше, іс-шаралар шеңберінде Әзірбайжанның қарулы күші дәлдігі жоғары қаруды қолдана отырып, Армения Қарулы Күштері құрамаларының атыс нүктелерін, сондай-ақ жауынгерлік құралдар мен әскери мақсаттағы объектілерін істен шығаруды көздеп отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.