ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Коронавирус жұқтырған тағы 22 адам тiркелді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus202.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам анықталды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,  Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.