ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Астанада үш медициналық мекеме карантинге жабылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 200-ден асты

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда үш медициналық мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы онлайн-брифингте Тауар сапасы және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің 21 наурыздағы қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин режимі енгізілді. Департамент объектілерде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Карантин енгізу туралы қаулы келесі нысандарға берілді: Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогы, Ұлттық кардиохирургиялық орталық, №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогы және №1 автопарк», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 200-ден асты.