ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Алматы облысында аяғы ауыр әйелден коронавирус анықталды

25 жастағы келіншек жүктіліктің 21-22 аптасында

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Алматы облысының үш тұрғынынан қауіпті вирус анықталған. 

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар  облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-22 аптасында. Науқастардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды. Өйткені ауру шыққан аудандардың барлығы Алматымен шекаралас орналасқан. Коронавирус жұқтырған азаматтардың денсаулығы қанағаттандырарлық, қазіргі сәтте олардың денсаулығы бірқалыпты. Сондай-ақ, үш науқаспен байланыста болған  азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Әмірболат Құсайынұлы,  Алматы облысы.