Қорғаныс министрлігі 1500 адамның міндетті әскери жиынға неге шақыртылғанын түсіндірді

Аягөз Құрмаш

Олардың барлығы Гвардейский әскери бөлімшесіне бағытталды

Қорғаныс министрлігі 1500 адамның міндетті әскери жиынға неге шақыртылғанын түсіндірді
Фото: gov.kz

ҚР Қарулы Күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскери міндеттілерді жиынға шақырту жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл әскери жаттығу жоспарына сәйкес әскери міндеттілерді жиынға шақырту жүргізіліп жатыр. Гвардейский гарнизонына 22/236 танк бригадасына Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының 3 департаментінен 1500 адам шақыртылды.

1-2 қыркүйекте аталған әскери бөлімге әскери міндеттілерді ұсындық. Олар 1 ай бойы әскери жиыннан өтеді. Оның басты мақсаты - әскери бөлімшелердің оқу-әскери жаттығуын көтеру және әскери оқытылған запастағы адамдарды көбейту. Бұл жоспарлы түрде жүзеге асырылатын үрдіс, жыл сайын өткіземіз. Бірақ биыл мұндай жиынға 1500 адам алғаш рет шақыртылып отыр», - деді Артықов.

Ол атағандай, шақыртылғандар әскери қызметке машықтанады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.