07.09.2023, 14:21
Жаңалықтар
Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан бір топ адам жоғалып кетті
Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Сяхэ уезінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеті адам із-түзсіз жоғалып кетті, сондай-ақ үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті «Хаокань» телеарнасының хабарлауынша, жоғалғандардың қатарында алты құрылысшы бар.
«Нөсер жаңбырдан екі ауылда көшкін жүріп, аймақтың біршама бөлігі су астында қалды. Құтқарушылар зардап шеккен тұрғындарды үрлемелі қайықтармен қауіпсіз жерге шығарып жатыр», - деп хабарлайды телекомпания.
Қазіргі кезде жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)