$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бүтін қала жылусыз қалмайды»: Роман Скляр жылыту маусымына дайындық жайлы

Ол дайындық қандай желілерде жүргізіліп жатқанын атады

«Бүтін қала жылусыз қалмайды»: Роман Скляр жылыту маусымына дайындық жайлы
Фото: nur.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақордада ЖЭО-лардың жылыту маусымына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша жөндеулер жүргізіліп жатыр. Биыл қаржыландыру көлемі былтырғымен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Ескіру мен тозуға қатысты жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Екібастұздағы 10 қазандыққа (5-уі энергетикалық, 5-уі жылыту) күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қондырғылар мен қажетті материалдар орнында. 500-ге жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Толық қаржыландырылу бар. Жаңа станциямен іске қосыламыз. Өзге жылу энергия станцалары тариф инвестициясымен алмасу бағдарламасы аясында қаржыланды», - деді Скляр.

Ол атағандай, апаттар жаңа станциялардың өзінде де болады.

«Бүтін бір қала жылусыз қалмайды. Ондай ешқашан болмайды. Апаттар болу мүмкіндігі ықтимал. Бұл табиғи үрдіс. Бірақ дайындық бойынша бүкіл желі қамтамасыз етіледі. Ол апатты қалай жоятыны маңызды», - деді Скляр.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары