Тәжікстанда Ауғанстаннан келген лаңкестердің көзі жойылды

Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр

Тәжікстанда Ауғанстаннан келген лаңкестердің көзі жойылды

Тәжікстанның арнайы қызметі тәжік-ауған шекарасын бұзып, ел аумағына кірген соң қарсылық көрсеткен үш лаңкестің көзін жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім еткен.

«2023 жылғы 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тәжікстан Республикасының аумағында Мемлекеттік тәуелсіздік күні қарсаңында халықаралық террористік ұйымның үш мүшесі лаңкестік әрекет жасау мақсатында тәжік-ауған шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Дарваз бағытында Кеврон ауылына іргелес қорғалатын аймақтағы шекара сызығы (Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Дарваз ауданы) арқылы өткен. Терроризмге қарсы операция нәтижесінде лаңкестік топтың үш адамының көзі жойылды», - делінген комитеттің «Ховар» ұлттық агенттігінің сайтында жарияланған мәлімдемесінде.

Мемлекеттік комитет мәліметінше, арнайы топ лаңкестердің жүру жолдарын бақылап, ал 5 қыркүйекте қоршауға алып, көздерін жойған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық лаңкестің «Джамаат Ансарулла» тобының мүшелері екені және іздеуде жүргені анықталды, оларға қатысты Тәжікстан Қылмыстық кодексінің баптары бойынша басқа мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға заңсыз қатыспақ болканы үшін қылмыстық іс қозғалды.

Лаңкестер қолында болған қару-жарақтан басқа, Ауғанстаннан қару-жарақтың, әскери оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың ірі партиясын, лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруға арналған ақша мен байланыс құралдарын, сондай-ақ жазбалар мен, сызбалар жазылған дәптерлерді, карталарды, жарылғыш заттарды қолдану нұсқауларын, оларды төсеу жолдары, адамдар көп жиналатын орындар, мемлекеттік мекемелер мен мекемелердің орналасуы туралы мәліметтерді әкеліп, қоймаларға сақтап қойған.

Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.