05.09.2023, 13:34
Жаңалықтар
Ақтөбе облысының әкімі мен Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
60 жастағы Ералы Тоғжанов бұл қызметке 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Шымкент әкімі де қызметінен кетті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
42 жастағы М. Әйтенов бұл қызметке 2020 жылдың 21 қаңтарында тағайындалған болатын.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
