$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2020, 12:08
Жаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған Алматы облысының тұрғындары карантинге жабылды

Олардың тест нәтижесі бүгін кешке белгілі болады

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған Алматы облысының тұрғындары карантинге жабылды
Фото ашық дереккөзден

Марқұммен облыстың 2 тұрғыны отбасылық жиында бірге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Коронавирустан қайтыс болған әйелмен Алматыда екі адам бірге болған. Олар анықталып, оқшауланды. Тест сараптамасы алынды. Нәтижесі бүгін кешке дайын болады», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Марқұмның жанында болғандар тағы 5 тұрғынмен кездескен. Қазір олар да оқшауланып, сараптама қорытындыларын күтіп жатыр.

Еске салсақ, 26 наурызда Қазақстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды. Артынша 64 жастағы әйелдің Ақмола облысы Қосшы ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Ол 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында болған. Марқұм небәрі төрт күн ғана ауырып қайтыс болған.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары