Коронавирус жұқтырғандардың саны жағынан АҚШ Қытайды басып озды

Елде 1300-ге жуық адам көз жұмды

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орынға шықты деп жазады РИА Новости. Джонс Хопкинс университетінің мамандары елде 85,4 мың адамның аталған дертпен ауыратынын мәлімдеді. Ал, вирус пайда болған Қытайда 81,3 мың науқас тіркелген болатын.

Коронавирус жұқтырғандардың саны жағынан алғашқы орынға шықса да, америкалықтар арасында өлім саны азырақ – 1288 жағдай. Бұл көрсеткіш Италияда – 8215, Қытайда – 3298. Дегенмен, АҚШ-та коронавирус таралуы енді қарқын алып келе жатқанын ескеру керек. Елде тәулігіне мыңдаған адам вирус жұқтырып жатыр. Ал, Қытайда аурудың таралу қарқыны әлдеқайда бәсеңдеген.

АҚШ вице-президенті Майк Пенстің сөзінше, елде жарты миллионнан астам адам коронавирусқа тест тапсырған және алдағы уақытта бұл көрсеткіш артады.

Айта кетейік, әлемде COVID-19 виоусын жұқтырғандар саны 460 мың адамнан асты. Олардың қайтыс болғаны 20 мыңнан асады.

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты