$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

170-тен астам елді мекенге газ тартылды – Смайылов

Енді мұнай өндіруші ұйымдар мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін өздері жеткізе алады

170-тен астам елді мекенге газ тартылды – Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов  «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында елді-мекендерді газбен қамту жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сарыарқа» газ құбырын салудың бірінші кезеңі аяқталып, 170-тен астам елді мекен табиғи газға қол жеткізді. Газ саласында жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін газды, оның ішінде газ кен орындарын игеруге мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды. Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Жоба 2025 жылы аяқталады. Заңнама деңгейінде мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Енді мұнай өндіруші ұйымдар мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін өздері жеткізе алады», - деді Смайылов.

Премьер атиағандай, қуаты 700 МВт-тан асатын электр станцияларды жаңғырту аяқталады.

«Оның ішінде қуаты 500 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1-дің бірінші энергия блогын қалпына келтіру жөніндегі ауқымды жоба аяқталады. ГРЭС-2-ні кеңейту және ГРЭС-3-ті салу жобалары іске асырыла бастады. Оған қоса ағымдағы жылы жалпы қуаты 126 МВт болатын 7 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылуда», - деді Премьер.

Смайылов атағандай, тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылуда.

«Нәтижесінде 2029 жылға дейін коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 20%-ке төмендеуі тиіс. Жаңа тарифтік саясат тарифті қалыптастырудағы бүкіл процестің ашықтығы, есептілігі және жариялығы қағидаттарына негізделеді. Бұл 62 мың км инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартуға, сондай-ақ 25 мың км иесіз желілерді балансқа қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғын үй кешені саласындағы 200 мыңнан астам жұмысшылардың жалақысы қазіргі 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін артады», - Смайылов.

Серіктес жаңалықтары