25.08.2023, 21:56
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді
Көрмеге түрлі бұйымдар мен тәжік суретшілерінің картиналары қойылған
Фото: t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы, сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.
Еске сала кетейік, бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға ресми сапармен келген болатын. Бұған дейін екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)