25.08.2023, 17:46
Жаңалықтар
Шымкентте үшем дүниеге келді
Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте үшем дүниеге келді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 37 жастағы үшемнің анасы Арайлым Сарсенбековаға дәрігерлер 8-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған.
Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ дейді дәрігерлер. Анасымен бірге үшем нәрестелерді күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған.
Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы. Дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім қойған. Жас ана мен үшемдер Перинаталдық орталықтан бүгін үйлеріне шығарылды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды