$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қотырбұлақ шатқалында жоғалып кеткен екі турист табылды

Олар кеше кешкісін Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде адасып кеткен

Қотырбұлақ шатқалында жоғалып кеткен екі турист табылды
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысындағы Қотырбұлақ шатқалында жоғалып кеткен екі турист табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы, Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақыра алды. Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен», - деп хабарлады ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз. Күтпеген оқыс оқиға болса көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Серіктес жаңалықтары