$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Евгений Пригожин ұшақ апатында опат болды – Росавиация

Он адам отырған әуе кемесі Тверь облысында құлаған

Евгений Пригожин ұшақ апатында опат болды – Росавиация
Фото: tass.ru

23 тамыз күні кешке Тверь облысында Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде Евгений Пригожин де болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Интерфакске сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Росавиация растады. Жеке ұшақ Мәскеу-Санкт-Петербург рейсін жасағаны нақтыланды.

Елдің ТЖМ баспасөз қызметі Тверь облысындағы Куженкино елді мекенінің жанында Embraer Legacy жеке ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Бортта 10 адам болған.

«Тверь облысында, Куженкино елді мекенінің жанында Embraer Legacy жеке ұшағы құлады. Бортта 10 адам болды, оның ішінде 3 экипаж мүшесі бар. Алдын ала ақпарат бойынша, борттағылардың бәрі қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Тележүргізуші Ксения Собчак өзінің телеграм-арнасында апатқа ұшыраған ұшақ «Вагнер» ПМК негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі деп жазды.

«Евгений Пригожин расымен де Embraer Legacy 600 ұшағының иесі. Пригожин ұшағының борттық нөмірі – ra-02795», деп жазды ВВС.

Еске салайық, Евгений Пригожин және оның «Вагнер» ПМК Ресейдің Украинамен соғысында маңызды рөл атқарды. 2023 жылдың мамырында Пригожин оны жалдамалы әскерлердің украин Бахмутын басып алғанын мәлімдеді. Бұл көп адамның өмірін қиды және Ресейдің символдық жетістігі саналды.

2023 жылдың 23 маусымында «Вагнер» ПМК жауынгерлеріне Ресей әскерлерінің шабуылдап жатқанын жариялады және оны «әділет шеруі» деп атай отырып, бүлік шығаруға шақырды. 24 маусым күні таңертең «Вагнер» ПМК жалдамалы әскерлері Дондағы Ростов әскери нысандарын, әкімшілігі мен орталығын бақылауға алып, Мәскеуге баруды жоспарлады. Алайда, сол күні кешке Пригожин Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізіп, оның барысында деэскалация туралы келісімге қол жеткізілді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің 279-бабына сәйкес Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, оны Беларуссияға кетеді деп мәлімдеді. Көтеріліс туралы қылмыстық іс 27 маусымда таңертең тоқтатылды.

Авторы: Сымбат Ғалымжан

Серіктес жаңалықтары