$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін

Тек оңтүстік өңірлерде ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 24-26 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін. Ауа температурасы республиканың әсіресе солтүстік өңірлерінде қатты төмендейді», - делінген хабарламада.

Солтүстіктегі ауа температурасы түнде +7-12 градус болса, күндіз термометр бағаналары +17-22 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның тек оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Серіктес жаңалықтары