20.08.2023, 16:27
Жаңалықтар
Алматы тауларында туристер адасып кетті
Құтқарушылар үш туристі аман-есеп тапты
Фото: t.me/qr_tjm
Алматы тауларында туристер адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалған.
Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристі тапты.
Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.
ТЖМ құтқарушылары таулы жорыққа шықпас бұрын, жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлап, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын қысқаша ескерткен жөн екенін айтты.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
