Пәкістандағы лаңкестік шабуылдан ондаған адам қаза тапты
Ел билігі бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Ауғанстан шекарасындағы лаңкестік шабуылда кем дегенде 11 адам қаза тапты. Бұл туралы сол елдің премьер-министрінің міндетін атқарушы Анваар-ул-Хак Какар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік Вазиристандағы 11 жазықсыз жұмысшының өмірін қиған шабуыл туралы есту ауыр болды. Мен бұл мағынасыз зорлық-зомбылықты қатты айыптаймын және зардап шеккен отбасылармен ынтымақтасамын», - деп жазды ол.
Бұған дейін, 30 Шілдеде Пәкістанда «Джамиат Улема-и-Ислам» партиясының съезі кезінде жарылыс болған. Елдің ақпарат министрі Фироз Шах Джама 200-ден астам адамның жараланғанын хабарлаған еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс 63 адамның өмірін қиды. Өлтірілгендердің бірі жергілікті партия жетекшісі, жарылыс ол сөз сөйлеп жатқанда болған.
Пәкістанның Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто-Зардари жарылысты айыптап, қаза тапқандарға көңіл айтты. Ол федералды және Хайбер-Пахтунхва Үкіметі террористердің қолдаушыларын жауапқа тартуы керек деп мәлімдеді.