$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада алимент төлеуден қашып жүргендерден 100 млн теңге өндірілді

Жыл басынан бері барлығы 98 борышкер жауапкершілікке тартылған

Астанада алимент төлеуден қашып жүргендерден 100 млн теңге өндірілді
Фото ашық дереккөзден

Биыл прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 428 балаға 100 млн теңге алимент төленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан барлығы 98 борышкер жауапкершілікке тартылды. Борышын қасақана төлемей жүрген 7 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Осымен қатар, превентивтік шаралар да өткізіледі.

«Қала прокуратурасы жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Күні бүгін барлығы 71 борышкер жұмыспен қамтылды, 51 адамға жұмысқа орналастыру туралы мәлімдеме берілді», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтында.

Прокуратура, сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары