Атырау облысында соңғы 2 айда жол апатынан 20 адам мерт болған
Өңірде жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген
Атырау облысында кейінгі екі айда 4 жол апатынан 20 адам мерт болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген.
«Атырау облысындағы республикалық жолдарда соңғы екі айда 4 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру. Сол себептен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік нарядтар шығарылды. Алайда, жолдың патрульдік полиция нарядтары кездеспейтін тұсында көлік апаты жиі тіркеліп отыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.