Шавкат Рахмоновтың америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жегі өтпейтін болды
UFC турнирі 16 қыркүйекке жоспарланған еді

Аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте өтуі тиіс UFC турнирінде америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтаспайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Рахмонов пен Гастелум Лас-Вегастағы турнир аясында күресуі тиіс еді, алайда Келвин жаттығуда мұрнынан жарақат алып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұған дейін «олардың жекпе-жегі 21 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турниріне ауысуы мүмкін» деген ақпарат тарады. Гастелум төбелесті қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 295-ке ауыстыруды ұсынды.
MMAMania.com сайтының хабарлауынша, егер спортшылардың ешқайсысы жаңа күнге келіспесе, онда ұйымдастырушылар жарыс өтетін күнді өздері таңдауға мәжбүр. Бұл жағдайда Рахмонов Абу-Дабидегі PPV картасы аясында басқа қарсыласымен жұдырықтасуы мүмкін.