$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

Оларға әртүрлі себеппен іздеу жарияланған

 

Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысы аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, қылмыскерлердің біріне Ресейдің Челябі облысының тәртіп сақшылары РФ Қылмыстық кодексі 322-бабының 2-бөлігі «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеу жариялаған. Оны полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағынан ұстады.

Ал екінші қылмыскер - Ақмола облысының тумасын тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жарқайың ауданының аумағынан тапты.

«Ұсталған адам бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған (ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі). Сот қаулысына сәйкес ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, Степногор қаласы аумағында ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі «алаяқтық» бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.

Серіктес жаңалықтары