$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында қоқыс полигондарының көбі құжатсыз жұмыс істеуде – Бас прокуратура

Жергілікті атқарушы органдар заңсыз жұмыс істейтін ҚТҚ полигондарын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізуде

Жетісу облысында қоқыс полигондарының көбі құжатсыз жұмыс істеуде – Бас прокуратура

Биыл Жетісу облысының прокуратурасы Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталды.

«Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округіндегі "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды. Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар заңсыз жұмыс істейтін ҚТҚ полигондарын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары