Ресейдің Қорғаныс министрі Солтүстік Кореяға барды
Пхеньян пандемия кезінде шекараны жапқаннан кейін шетелдік делегаттарды енді ғана қабылдай бастады
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу бастаған Ресей әскери делегациясы Корея Халықтық Демократиялық Республикасына барды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сунан халықаралық әуежайында (Пхеньян маңы) Корей Халық Армиясының құрметті қарауыл ротасының қатысуымен Ресей делегациясының ресми кездесуі өтті. КХДР Қорғаныс министрі армия генералы Кан Сун Нам Ресей қорғаныс ведомствосының басшысын қарсы алды.
«Ресей Қорғаныс министрлігінің делегациясы 1950-1953 жылдардағы Отан азаттық соғысындағы корей халқы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.
Бұл сапар Ресей-Солтүстік Корея әскери байланыстарын нығайтуға ықпал етеді және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңіне айналады», - делінген хабарламада.
Euronews ақпараттық порталының жазуынша, ресейліктерден басқа Пхеньянға ҚХР-дан да делегация да келді.
Бұл Пхеньян коронавирустық пандемия кезінде шекараны жапқаннан кейін басқа мемлекеттердің өкілдерінің елге жасаған алғашқы жоғары деңгейдегі сапары.