Шымкент қаласының Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынуда

Azattyq Rýhy

Құрылыс жұмыстарына мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңге бөлінген

Шымкент қаласының Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді.

«Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда. Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыл 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.