Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы сотқа тартылды
Күдікті кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті деп айыпталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, ведомство «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
«Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды», - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деді ведомство өкілдері.