Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Құрылыс салушыларға айыппұл салынды

Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды. Құрылыс салушылар рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа кіріскен. Жоспардан тыс тексеруді Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ҚР ӘҚБтК-нің 314-баб «Жобалық құжаттамасыз құрылыс», 321-бабы «Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу» және 463-бабы «МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды», - деді Мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.
Егер ескертулер жойылмаса, нысан пайдалануға жіберілмейді және ол қабылдау актісін алмайды.