$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат жалған – Антикор

Агенттік тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұрайды

БҚО әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат жалған – Антикор
Фото ашық дереккөзден

БҚО әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ. Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланады. Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары