$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 05:53
Жаңалықтар

Үндістанда тірідей жерленген нәресте табылды

Жаңа туған сәби қыш құмыраның ішінен шыққан

Үндістанда тірідей жерленген нәресте табылды
bbc.com

Үндістанның солтүстігінде дәрігерлер қыш құмараға салынып, тірідей жерленген баланы аман алып қалу үшін күресіп жатыр, деп жазады ВВС.

Дәрігерлердің айтуынша, шақалақтың қазіргі жағдайы өте ауыр. Оның тірі қалуы бес-жеті күн аралығында белгілі болады. Полиция баланы тастап кеткен адамдарға қатысты тергеу жұмыстарын бастады және баланың ата-анасын іздестіріп жатыр.

«Үндістанда әлем бойынша жыныстық дискриминация өршіп тұр. Сәбиді қыз болып туылғаны үшін тастап кетуі де мүмкін», деп жазады басылым.

Нәресте табылған Барейли ауданының полиция офицері баланы ата-анасы жерлеген болуы мүмкін екенін айтты. Нәрестені өз баласының мәйітін жерлемек болған адам жер қазып жатып тауып алған. Сәби шамамен бір метр тереңдікте қыш құмыраның ішінен шыққан. Шақалақ бірден ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынған.

«Баланың салмағы 1,1 кг, яғни, уақытынан ерте туған болуы мүмкін», дейді дәрігерлер.

Айта кету керек, Үндістанда жаңа туған қыздарды өлтіру жиі кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Үндістан