Адамның мансапқұмарлығы 7 жасқа дейін қалыптасады – зерттеу

OECD халықаралық экономикалық орталығы жариялаған баяндамада адамның мансапқұмарлығы жеті жасқа дейін қалыптасатыны айтылған

Адамның мансапқұмарлығы 7 жасқа дейін қалыптасады – зерттеу
bbc.com

Ғалымдар адамның мансапқұмарлығы жеті жасқа дейін қалыптасатынын, ал 7-17 жас аралығында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын анықтады, деп жазады ВВС.

«OECD халықаралық экономикалық орталығының баяндамасында жасөспірімдер мамандық таңдағанда өздеріне таныс саланы таңдайтыны айтылған. Әрине, жеті жасқа дейін бала мамандық таңдай алмайды, бірақ осы жасқа дейін оның жұмыста жемісті болуына іргетас қаланады. Сол себепті мектептерде бастауыш сынып оқушыларын еңбек нарығымен таныстыратын жағдай жасалуы керек», дейді зерттеу авторлары.

Мамандардың айтуынша, балалардың мансап туралы түсінігі бейсаналық тұрғыда сақталып қалады. Бұл ретте көбіне әлеуметтік ортаның әсері көп. Мысалы,  шаштараз немесе дүкенші болуды ең жоғары лауазым көріп өскендер есейгенде мансапқа қызықпайтын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.