Атырауда ер адамды азаптады деген бес полицейдің ісі сотқа жіберілді

Azattyq Rýhy

Азаптауға қатысты қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді

Атырауда ер адамды азаптады деген бес полицейдің ісі сотқа жіберілді
Фото ашық дереккөзден

Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратура хабарлауынша, биылғы қаңтардан бастап азаптаулар туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.

«Күдіктілер ақпанда алдын ала сөз байласып азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді», - делінген ведомство хабарламасында.

Құзырлы орган еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.