$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері кей өңірде 42 градусқа дейін күн ыстық болады – синоптиктер

Кей өңірде жаңбыр жауып, жел соғуы мүмкін

Алдағы күндері кей өңірде 42 градусқа дейін күн ыстық болады – синоптиктер

Синоптиктер 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын жариялады, деп  хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгиромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал ететіндіктен,  жаңбыр, найзағай, бұршақ болады, екпінді жел соғады», - делінген хабарламада.

18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары