$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан 2025 жылы ЕXPO Osaka дүниежүзілік көрмесіне қатысады

Екіжақты кездесу Жапонияда өтті

Қазақстан 2025 жылы ЕXPO Osaka дүниежүзілік көрмесіне қатысады

Қазақстан Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka Ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды. Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Koji Haneda қол қойды.

«Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Ұйымдастыру ісіне қатысты барлық сұрақ пен «Өмірлерді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтаудамыз. Көрменің басталуына екі жыл бар, бірақ іс жүзінде аз уақыт қалды. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірінде ашылып, 13 қазанында аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келуі тиіс, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуы болжанады»,  – деді  Еркімбаев.

EXPO-2025 Жапонияның Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді. Көрменің тақырыбы «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» деп аталады. Ол қосымша тағы үш тақырыпшадан тұрады: «Өмірлерді құтқару», «Құқық мен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру». Көрменің жалпы ауданы шамамен 155 га құрайды. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасатын болды.

Серіктес жаңалықтары