14.07.2023, 13:56
Жаңалықтар
Алдағы күндері елімізде аптап ыстықтың беті қайтады – синоптиктер
Республиканың басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы болады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Синоптиктер 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Қара теңіз аумағынан жылжыған терең циклон қалыптастырады.
«Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы болады, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.
Күндізгі температураның қысқамерзімді төмендеуінен кейін Қазақстанның:
- солтүстігінде ауа температурасы +20+25-тен 25+33-ке дейін;
- солтүстік-батыста +18+30-дан +25+33-ке дейін;
- орталықта +25+33-тен +32+39-ға дейін;
- оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін жоғарылайды.
Сондай-ақ:
- батыста температуралық фон +22+35 дейін;
- шығыста +27+35 дейін төмендейді.
Еліміздің оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді