13.07.2023, 21:11
Жаңалықтар
Каспий жағалауында бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілді
Өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты
Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Атырау облысында Каспий жағалауындағы бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 13 шілдеде сағат 16:00-де қамыс өрті сөндірілген.
«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыш мониторингіне негізделген «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ақпаратына сәйкес, қамыс өртінің жалпы ауданы 910 га болған. Өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы мен аумақтың сулы, батпақты жерінде қалың өскен қамыс өртін тез сөндіруге кедергі келтірген.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 шілдеде анықталған еді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты