$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Франция президентіне келген хат ішінен адам саусағы шықты

Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты

Франция президентіне келген хат ішінен адам саусағы шықты
depositphotos.com

Франция президенті Эммануэль Макронның Париждегі ресми резиденциясы – Елисей сарайына адам саусағы салынған хат келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Valeurs Actuelles басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 9-10 шілдеде сарайдың хат-хабар қызметіне пошта арқылы хат келіп түскен. Оны ашқанда адамның кесілген саусағы шыққан. Оқиға 14 шілдеде дәстүрлі түрде тойланатын ұлттық мереке – Бастилияны басып алу күні қарсаңында болған.

«Саусақ полицейлердің азық-түлік сақтайтын тоңазытқышына қойылды», - делінген хабарламада.

Басылымның атап өтуінше, тәртіп сақшылары кейін саусақ иесін тапқан. Бірақ оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Серіктес жаңалықтары