$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда балалар жазғы демалыста аттракциондарды тегін пайдалана алады

Бұл акция Алматы тұрғындары үшін қолжетімді

Алматыда балалар жазғы демалыста аттракциондарды тегін пайдалана алады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жазғы демалыс кезеңінде Алматы қаласы әкімдігі ХӘОТ санатындағы балаларға арналған Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондарын тегін пайдалану мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, тиісті ұсынысты саябақ әкімшілігі қолдады. Сонымен, саябақта аттракциондарға тегін карточкалар беру туралы шешім қабылданды,

«Бұл акция Алматы тұрғындары үшін қолжетімді. Бұл карталар кез келген аттракциондар мен карусельдерге, соның ішінде барлығының сүйікті «Цепочка», «Колесо обозрения» және катамаранмен жүруге мүмкіндік береді. Аттракциондарды тегін пайдалану 15 шілдеден бастап қол жетімді болады», - делінген хабарламада.

Карталарды алу үшін «Алтын Тараз» ЖШС кеңсесіне Гоголь көшесі, 1 мекенжайы бойынша (ОМжС аумағында) хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе электронды түрде) болуы міндетті.

Сонымен қатар балаларға қоғамдық бірлестіктердің (мүгедектер үйлері, саңыраулар қоғамдары, балалар үйлері, мектеп-интернаттар және т.б.) өтінімдері бойынша аттракциондарға тегін бару құқығы беріледі.

«Сондай-ақ саябақта тегін нысандар бар: футбол алаңы, баскетбол алаңы, коньки паркі, роллердром, үстел теннисі алаңы. Жаз мезгілінде әр сенбі және жексенбі күндері балалар қалашығының сахнасында балаларға арналған екі сағаттық тегін шоу бағдарламалары болады. Саябақ әкімшілігі барлық іс-шараларды өткізуге кететін шығындарды өз мойнына алды», - делінген хабарламада.

Айта кетерліні, осы акциямен ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатындағы 22 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары